Астанада 65 журналист пәтер кілтін алды

26 маусымда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан журналистер және Қазақстанның жетекші мемлекеттік БАҚ-тың басқа да қызметкерлері баспаналы болды Кәсіби мереке қарсаңында ұйымдастырылған салтанатты шараға Президент әкімшілігінің өкілдері, Ақпарат және қоғамдық даму министрі, БАҚ басшылары мен «Дара» президенттік бастамалар қоры мен «Халық» қайырымдылық қоры өкілдері, сондай-ақ баспаналы болған журналистер мен БАҚ қызметкерлері қатысты.
Мемлекет басшысының бастамасына қолдау білдіріп, аталмыш тұрғын үйдің құрылысына «Дара» президенттік бастамалар қоры мен «Халық» қайырымдылық қоры атсалысты.

Жаңалықтарға жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жобалардан хабардар болу үшін біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз.