Қарағандыда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арнап «Жасөспірімдер үйі» ашылды

Қарағандыда «SOS Қазақстанның балалар ауылы» қорының мұрындық болуымен «Жасөспірімдер үйі» ашылды. Ол жерде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған «SOS Теміртау қаласы балалар ауылының» кәмелет жасына толған жеткіншектері тұратын болады. Пәтер «Халық» қайырымдылық қорының демушілігімен алынды. Қор жайлы тұрғын үй кешенінен төрт бөлмелі пәтер алуға 51 миллион теңге бөлді. «Жаңа, жайлы жасөспірімдер үйінде 16-18 жас аралығындағы жеті бала тұратын болады. «Балалар ауылының жеткіншектері үшін «жасөспірімдер үйін» құру арқылы қала өміріне бейімдеп, толыққанды отбасын құра алатын деңгейге жеткізгіміз келеді», - дейді «Халық» қайырымдылық қорының басқарушы директоры Нариман Әбілшайықов. Жасөспірімдер үйінде тәрбиеленушілер тәлімгердің бақылауында болады.
Қордың қолдауымен өткен жылы Алматы қаласында SOS балалары үшін екі пәтер сатып алып, толық жабдықтаған. «Халық» қоры осы бағыттағы жұмысын жалғастыра бермек. 2016 жылы құрылған «Халық» қайырымдылық қоры еліміздегі өмір сүру сапасын жақсарту жолында жүйелі көмек көрсетіп келеді. Қор құрылғаннан бері 45 миллиард теңгеден астам сомаға қайырымдылық жобалары жүзеге асырылды.

Жаңалықтарға жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жобалардан хабардар болу үшін біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз.