Жаңаөзенде Halyk қорының өңірді дамытуға қосқан үлесі атап өтілді
Halyk қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Құлыбаев «Жыл меценаты» атанды.
Бұл маңызды оқиға Қордың Жаңаөзен қаласының әлеуметтік дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін берілді. Жоғары марапатты қала әкімдігі мен қалалық мәслихат бірлесіп тапсырып, атқарылған жұмыстың ауқымдылығы мен маңыздылығын атап өтті.
Маңғыстау облысындағы негізгі жобалар
2023 жылы Маңғыстау облысының әкімдігі мен Тимур және Динара Құлыбаевтар Қоры арасында 4,4 млрд теңге сомасында меморандумға қол қойылды. Бұл қаражат жергілікті тұрғындардың өмірін жақсы жаққа өзгертетін ресурстармен және инфрақұрылыммен қамтамасыз ететін әлеуметтік маңызды бастамаларды іске асыруға бағытталған.
Halyk қорының өңірдегі ең маңызды бастамалары:
- Бейнеу астық терминалын қайта жандандыру – өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтатын стратегиялық маңызды жоба.
- Ақшұқыр және С. Шапағатов ауылдарына арналған тұщыландыру қондырғысы – 25 000-нан астам тұрғынды таза ауыз сумен қамтамасыз етті.
- Жаңаөзенде заманауи балалар алаңдары мен футбол алаңдарын салу – балалар мен жастардың белсенді демалысы мен дамуы үшін арнайы аймақтар құрылған.
- Жаңаөзенде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу – бұл жоба 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда
“Бұл бастамалар өңірдің әлеуметтік дамуына үлкен серпін беріп, жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Әр жоба – өңірдің әл-ауқатын арттыруға бағытталған қадам үлкен әлеуеті бар өңір. Қордың еңбегінің осылай жоғары бағаланғаны бізді қуантады. Бұл бізді одан әрі белсенді жұмыс істеуге шабыттандырады!», — деді Halyk қорының басқарушы директоры Нариман Әбілшаиков.
2016 жылы құрылғаннан бері Halyk қоры жалпы сомасы 85 миллиард теңгеге 120-дан астам жобаны жүзеге асырды.
Ұлттық деңгейдегі мойындау
2024 жылдың маусым айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ірі су тасқындарын жоюға арналған салтанатты рәсімде меценаттардың, оның ішінде Тимур Құлыбаевтың, ел игілігіне қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Halyk қорының 2024 жылы алған қосымша марапаттары:
- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қайырымдылық үшін» медалі.
- Қазақстанның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қосқан жүйелі үлесі үшін «Жыл меценаты» сыйлығы – бұл марапат «Еуразиялық мониторинг» аналитикалық зерттеу орталығының сараптамалық сауалнамасының нәтижесі бойынша берілді.
Halyk қорының жұмысы — мақсатқа жетуге жетелейтін бағыт. Бұл жобалар жай статистика ғана емес, алдағы күнге жаңа мүмкіндіктер ашатын мыңдаған адамдардың тағдыры.