«SOS Қазақстан балалар ауылдары»
2020 жылы қор «SOS Қазақстан балалар ауылдары» корпоративтік қорын қолдауды жалғастырды.
2019 жылы Алматы қаласы әкімдігі, «Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры» ҚҚ, «Халық» қайырымдылық қоры, «SOS Қазақстан балалар ауылдары» корпоративтік қоры және «Алматы қаласының № 1 балалар үйі» КММ арасында жасалған әлеуметтік қолдау жүйесін нығайту және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында толыққанды дамуы үшін, сондай-ақ олардың қоғамдық ортаға бейімделуіне бағытталған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде, «Халық» қайырымдылық қоры «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен бірлесіп Алматы қаласындағы «SOS Қазақстан балалар ауылдары» әлеуметтік ұйымына жалпы ауданы 330 шаршы метрден астам, құны 120 млн.теңгеден асатын сомаға екі төрт бөлмелі пәтер сатып алып берді. Пәтерлерді күрделі жөндеу, отбасыларды қоныстандыруға қажетті жиһаз, техникамен және азық-түлікпен қамтамасыз ету қайтарымсыз негізде жүзеге асты.
«Халық» қайырымдылық қоры SOS балалар ауылындағы 4 отбасылық балалар үйін, сондай-ақ ауыл түлектері үшін біріктірілген 2 пәтерді жиһазбен және техникамен жабдықтады. Сонымен қатар, қор SOS балалар ауылындағы 10 отбасылық үйде шкаф жиһаздарын қалпына келтірді. Қайырымдылық көмектің жалпы сомасы 23 974 740 теңгені құрады.
2021 жылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жан-жақты көмек көрсету, салауатты дамуын қамтамасыз ету және қоғамға бейімдеу үшін «Халық» қайырымдылық қоры «SOS Қазақстан балалар ауылдары» қорына 11 720 000 теңге көлемінде көмек көрсетті.
Алдағы уақытта Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қорымен бірлесіп, мемлекеттік балалар ауылдарын ауқымды қолдау жоспарланып жатыр, атап айтқанда:
— Орталықтандырылған басқаруды қалыптастыру, басқару кеңсесін қаржыландыру;
— Қамқоршылық сапасын арттыру және ересектердің қорғаншылығынсыз қалған балалардың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін халықаралық тәжірибе мен әдіснамаларды енгізу.