«Педиатрия және хирургия ғылыми орталығы» АҚ
1 маусым қарсаңында «Халық» қоры «Педиатрия және хирургия ғылыми орталығы» акционерлік қоғамына көмек көрсетті.
Жыл сайын Қазақстанның барлық өңірлерінен ауыр онкогематологиялық, орфандық (сирек кездесетін), хирургиялық және басқа да аурулары бар 5000-нан астам бала осы ауруханаға жатқызылады. Көптеген науқастарда ауруханада жату ұзақтығы екі айдан асады. Орталықтың барлық бөлімшелерінде балаларды психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан оңалту мақсатында ойын бөлмелері жабдықталған, штаттағы тәрбиешілер, психологтар жұмыс істейді.
«Халық» қорының қаражаты орталықтың 17 бөлімшесінде 0 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтар сатып алуға жұмсалды.