Қостанай облысында балабақша салуға 1,3 млрд теңге бөлінді

Қостанай облысының орман өртінен зардап шеккендер үшін 91 жаңа үй салу жоспарланған Әулиекөл ауданында 280 орындық жаңа балабақша салынады, оның құрылысына «Халық» ҚҚ 1,3 млрд теңге бөлді.

Қостанай облысына өрттің салдарынан орасан зор материалдық және экономикалық залал келді. Жүзге жуық үй өртеніп, жергілікті тұрғындардың өміріне қауіп төнді. Үкімет табиғи апаттың салдарын жою бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, тұрғындарды қолдау және қиын жағдайды еңсеру үшін барлық шаралар жасалуда.

Қостанай облысындағы қайғылы жағдай барлық қазақстандықтарды, бизнесмендер мен қоғам қайраткерлерін біріктірді. Қамқоршылық кеңестің шешімімен «Халық» қайырымдылық қоры төтенше жағдайда зардап шеккен отандастарға көмек көрсетуге өз үлесін қосты.

Қостанай облысының орман өртінен зардап шеккендер үшін 91 жаңа үй салу жоспарланған Әулиекөл ауданында 280 орындық жаңа балабақша салынады, оның құрылысына «Халық» ҚҚ 1,3 млрд теңге бөлді.

Құрылыс жақын арада басталады, ал келесі жылы жаңа балабақша өзінің кішкентай тәрбиеленушілерін қабылдауға дайын болады.

«Біз барлық зардап шегушілердің қайғысына ортақпыз және біздің қосқан үлесіміз, қамқорлығымыз бен қолдауымыз оларға өрттің зардабын жоюға көмектеседі, жақын арада бәрі қалыпты өмірге орала алады деп сенеміз», — делінген «Халық» қайырымдылық қорының хабарламасында.