«Облыстық балалар техникалық шығармашылық орталығы» МКҚК

2023 жылдың қараша айында «Халық» қоры Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Облыстық балалар техникалық шығармашылық орталығына жабдықтар сатып алуға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге 58,3 млн теңге қайырымдылық көмек берді.

 

Бөлінген қаражатқа «NNEF” Қоғамдық қоры Балалар техникалық шығармашылық орталығында ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізді. Орталық 3D принтерлер мен 3D сканерлерді, квадрокоптерлерді, экшн-камераларды, қажетті бағдарламалық жасақтамасы бар моноблоктарды және роботтарды құруға және бағдарламалауға арналған білім беру жиынтықтарын қоса алғанда, түрлі заманауи жабдықтар алды. Бұл жаңа жабдықтар балаларға дрондар ұшыру дағдыларын дамытуға, бейнемазмұндар жасауға және жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді.

 

1956 жылы құрылған Балалар техникалық шығармашылық орталығы бүгінгі күні балалардың ғылыми-техникалық әлеуетін дамытудағы маңызды білім беру мекемесіне айналды. Жаңарту жұмыстары орталықтың сапалы білім беру жолындағы әлеуетін арттырады.

 

Орталықтың жаңа мүмкіндіктері балаларға шығармашылық қабілеттерін дамытып, болашақ мамандықтарын таңдауға және табысты мансапқа негіз қалауға көмектеседі.