«NISKYRAN x SWB»командасын қолдау

2022 жылдың сәуір айында «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» Алматы филиалының физика-математикалық бағыттағы оқушылар командасы Хьюстон қаласындағы робототехникадан халықаралық жарыстың финалына қатысты. Жастар арасындағы жыл сайын өткізілетін робототехникадан FIRST чемпионаты —  ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) салаларындағы айтулы оқиға.

9-12 сынып оқушылары алғаш ретәлемдегі ең үлкен және маңызды робототехника жарыстарының бірі HOUSTON FIRST TECH CHALLENGE WORLD CHAMPIONSHIP  финалында  еліміздің мүддесін қорғау мүмкіндігіне ие болды. «Халық» қайырымдылық қоры «Назарбаев Зияткерлік Мектебінің» дарынды оқушыларына қолдау көрсетіп АҚШ-қа баруға және лицензияларына қажетті қаражатты бөлді.

Балалар үшін робототехника бойынша HOUSTON FIRST TECH CHALLENGE WORLD CHAMPIONSHIP халықаралық жарысының финалына қатысу өте маңызды — бұл жарыстың барлық қатысушылары арнайы FIRST Alumni мәртебесіне ие болады. Бұл әлемнің беделді университеттерінде оқуға стипендиялар мен гранттарды ұтуға мүмкіндік береді.

20-23 сәуірде өткен жарыстың қорытындысы бойынша «NISKYRAN x SWB» командасы өте жақсы нәтиже көрсетіп, 160 команданың ішінен 57-ші орынды иеленді, командалар арасында үздік 3-тікке енді!

Барлық команда мүшелері (15 оқушы және 2 ұстаз) үшін халықаралық чемпионатқа қатысу ұмытылмас әсер сыйлады – олар жаңаша тәжірибе жинады, басқа елдерден келген қатысушылармен танысып, достасып, білім алмасып, одан әрі ынталанып, шабыт алып қайтты.