«Мектепке жол» акциясы 2016 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Соңғы 5 жыл ішінде «Халық» қайырымдылық қоры аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 4 000-нан астам бірінші сынып оқушыларын мектепке дайындады.
Бұл мақсатқа 54 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.
Дәстүрге айналған «Мектепке жол» ауқымды республикалық акциясы аясында 2020 жылы еліміздің 24 қаласындағы аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы 600 бірінші сынып оқушысы Білім күнін қор жинаған және тегін берген рюкзактар мен оқу құралдарын ұстап қарсы алды. «Халық» қорынан мектеп жинақтары жергілікті атқарушы органдар мен білім басқармалары қалыптастырған тізімдерге сәйкес бөлінген. Көмектің жалпы сомасы 11 772 000 теңгені құрады.