Қор тікелей алғы шепте болған және инфекцияға жанқиярлықпен қарсы шыққандарға да көмек көрсетуден тыс қалмады.
Орасан зор жүктемеге, вирус жұқтыру қаупіне, белгісіздік пен моральдық қиындықтарға қарамастан, олар қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығы үшін күресті.
Алғыс ретінде 2020 жылдың наурызынан мамырына дейін қор медицина қызметкерлеріне 117 707 898 теңге ақшалай төлем жасады.
Сондай-ақ, 2020 жылдың сәуір айында Жаңаөзен қаласының блок-бекеттерінде жұмыс істеген медицина және полиция қызметкерлерін жалпы сомасы 1 332 000 теңгеге ыстық тамақпен қамтамасыз етті.
2020 жылғы мамырда Алматы қаласының тұрғындары үшін 20 010 000 теңге сомасына жеке қорғаныс құралдары сатып алынды.