«Халық» қоры Маңғыстау облысындағы жағдайға ерекше назар аудара отырып, жергілікті тұрғындар үшін маңызды әлеуметтік бастамаларды іске асыруға қаржылық қолдау көрсетеді.
2023 жылдан бастап Маңғыстау облысына 4 миллиард теңге бөлінді: Бейнеу астық терминалының жұмысын қайта бастауға – 1,8 миллиард теңге, Ақшұқыр ауылы мен Саин Шапағатов ауылының 25 000 тұрғынына тұщы су жүйесін орнатуға – 300 миллион теңге, сондай-ақ балаларға арналған 50-ден астам нысан салуға — 402,5 миллион теңге, Жаңаөзенде ауданы 4 гектар болатын дене шынықтыру-сауықтыру кешенін құруға 1 миллиард теңге. Сонымен қатар Бейнеу ауылындағы үш мектепті материалдық-техникалық жабдықтармен жарақтандыруға 500 миллион теңге бөлінді.
Мұндай бастамаларды қолдау – қордың маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі бағдарламаларының бірі. 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының әкімдігі қорды өңірдің үздік меценаты деп таныды.
Қор облыстың құрылымдық мәселелерін шешу үшін 2022 жылдан бастап түрлі жобаларға 4,2 млрд теңгеден астам қаржы салды:
— Жаңаөзен қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу;
— Бейнеу астық терминалын іске қосу;
— Бейнеу кентіндегі мектептерді жарақтандыру;
— Жаңаөзен қаласында балалар спорт-ойын алаңдарын салу;
— Жаңаөзен қаласы үшін шағын тұщы су қондырғысы;
— Ақшұқыр ауылы үшін үлкен қуатты тұщы су қондырғысы.