2020 жылы «Халық» қайырымдылық қоры жалпы сомасы 488 193 422 теңгеге көмек көрсетті.
Соның ішінде 17 өкпені жасанды желдету аппаратын, ПТР диагностикасының 2 толық ауқымды мобильді зертханасын сатып алуды, жеткізуді және сервистік қызмет көрсетуді қаржыландырды. Жабдық Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының ауруханаларына жеткізіліп, қойылды. Операторы «МедиЛаб»/«MediLab» ЖШС болды.
Көрсетілген жабдықты пайдалана отырып, Алматы қаласы әкімдігінің қызметкерлері үшін 1300 ПТР тестін тегін өткізді, Шымкент қаласы халқының әлеуметтік осал топтарына тегін ПТР тесті жасалды, сондай-ақ өңірлерге (Ордабасы ауданы, Бәйдібек ауданы) сапарлар жүзеге асырылып, халыққа тегін консультациялық қызмет көрсетілді.
Сондай-ақ, 2020 жылдың шілде айында Атырау қаласының «Геолог емханасы» МКК үшін жалпы сомасы 114 680 000 теңгеге 1000 пульскоксиметр мен 100 оттегі концентраторлары сатып алынып, берілді.
Тамыз айында COVID-19-бен күресу үшін жалпы сомасы 734 000 000 теңгеге «Ремдесивир» және «Авифавир» қымбат медициналық препараттары сатып алынды және жеткізілді.
2020 жылдың қазан айында қор ұйымдастырушы болып, ҚХР-дан гуманитарлық көмек партиясын тасымалдау үшін 32 930 800 теңге төледі.
ҚХР Үкіметінің гуманитарлық көмек партиясына 400 мың медициналық маска, 100 мың KN95 медициналық қорғаныс маскасы, 10 мың COVID-19 жедел тесті, 10 мың медициналық қорғаныс костюмі және 60 өкпені жасанды желдету аппараты (ЖЖА) кірді.
Жүктің жалпы көлемі 8,9 тоннаны құрады, оның болжамды құны — 750 мың АҚШ доллары. Алынған жабдықтар мен жеке медициналық қорғау құралдары Денсаулық сақтау министрлігінің келісімі бойынша өңірлер арасында бөлінді.
Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны – CNPC компаниялар тобынан 2020 жылғы желтоқсанда 4 млрд теңге мөлшерінде алынған көмек шеңберінде Private clinic Almaty/ Приват клиник Алматы» ЖШС үшін COVID-19 індетіне байланысты Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына дайындалу және SARS-CoV-2 себебінен туындаған жүрек-қантамыр жеткіліксіздігін емдеу үшін медициналық жабдықтар сатып алуға 1 697 312 161 теңге мөлшерінде қаражат бөлінді.
Сондай-ақ, 98 448 750 теңге сомасына Ақтөбе облысының медициналық ұйымдары үшін 5 жедел медициналық жәрдем автокөлігі сатып алынды. Бұл жоба бойынша CNPC компаниялар тобымен бірге бұдан кейінгі көмекті 2021 жылдың басында жүзеге асыру жоспарланып отыр.