Халық лигасы

Category:
«Халық» қайырымдылық қоры ҚР Ұлттық баскетбол федерациясымен бірлесіп 13 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан бойынша қамқорлыққа алынған балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері арасында «Халық лигасы» әлеуметтік жобасын іске асырып келеді.

Жоба қазірдің өзінде 3 спорт шеберін, ҚР спорт шеберіне 50-ден астам үміткерді тәрбиелеп шығарды. Жобаға қатысқан балалар үйі мен интернат түлектері кәсіби клубтардың ойыншысы ретінде де, баскетбол жаттықтырушысы ретінде де спорттық мансабын жалғастыруда. Бұл жоба балаларға ересек өмірде қабілеттерін іске жаратуға мүмкіндік береді.

13 жыл ішінде бұл жобаны жүзеге асыруға шамамен 366 млн. теңге бағытталды.