Футзал чемпионаты

Category:

2016 жылдан бастап «Халық» қайырымдылық қоры футзалдан – студенттер арасындағы бұқаралық спорттан чемпионаттың бас демеушісі. Бұл жарыс ұлттық студенттер лигасының (NSL) қолдауымен өткізіледі.

 

Бүгінгі таңда NSL Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен колледждерін және еліміздің барлық студент жастарын біріктіреді.

 

2018 жылдың тамызында «Халық» қоры футзалдан Әлем чемпионатын қолдады, онда әлемнің 17 елінен 16 ерлер, 9 әйелдер — барлығы 25 үздік студенттік команда бақ сынасты.

 

Командалардың құрамына тек студенттер ғана емес, сонымен қатар Еуропа мен Латын Америкасының жетекші клубтарының кәсіби ойыншылары да кірді. Мұндай чемпионат екі жылда бір рет Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) қамқорлығымен өткізіледі.

 

Қазақстанда ойындар Алматыдағы Almaty Arena және Halyk Arena спорт сарайларында өткізілді. Біздің еліміз студенттік футзалдан Әлем чемпионатын алғаш рет өткізгенімен, FISU өкілдері оны чемпионат тарихындағы ең жақсы ойын деп атады. Қазақстан құрамасы чемпионаттың күміс жүлдегері атанып, лайықты нәтиже көрсетті. Қор оны өткізуге 50 млн. теңгеден астам қаржы бөлді.