«Халық» қоры елімізге COVID-19 пандемиясының салдарымен күресуде жалпы сомасы 5,5 млрд теңгеден астам көмек көрсетті. Бұл қаражатқа еліміздегі ауруханалар үшін қажетті медициналық жабдықтар мен дәрілік препараттар сатып алынды, сондай-ақ медицина қызметкерлері сыйақы алды.
«Халық» қоры індетпен бетпе-бет келген және инфекцияға жанқиярлықпен қарсы шыққандарды да шетте қалдыра алмады, өйткені біздің медицина қызметкерлері – нағыз батырлар.
Орасан зор жүктемеге, вирус жұқтыру қаупіне, белгісіздік пен моральдық қиындықтарға қарамастан, олар қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығы үшін күресті.
2020 жылдың наурызынан мамырына дейін Қор медицина қызметкерлеріне 117 707 898 теңге сомасында ақшалай төлемдерді жүзеге асырды.
Сондай-ақ, 2020 жылдың сәуір айында Жаңаөзен қаласының блокпосттарында кезекшілік еткен медицина және полиция қызметкерлерін жалпы сомасы 1 332 000 теңгеге ыстық тамақпен қамтамасыз етті.
2020 жылғы мамырда Алматы қаласының тұрғындары үшін 20 010 000 теңге сомасына жеке қорғаныс құралдары сатып алынды.