Азық-түлік акциялары

Әлеуметтік маңызы бар қайырымдылық шара шеңберінде 2021 жылы еліміздің барлық өңірлері бойынша аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларға жүйелі түрде азық-түлік түрінде көмек көрсетілді.

2021 жылы «Халық» қоры ауқымды қайырымдылық акциясын бастады. COVID-19 салдарымен күресте «Халық» қоры серіктестердің қолдауымен Қазақстан бойынша қиын жағдайдағы отбасыларға әрқайсысының салмағы 50 кг-нан асатын 100 мыңнан астам азық-түлік жиынтығын таратты. Бұл азық-түлік пакеттерінің жалпы сомасы 2 млрд. теңгеден асты.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл қарсаңында «Халық» қайырымдылық қоры игі дәстүрді жалғастырып, Қазақстанның барлық өңірлерінде қайырымдылық акциясын өткізді.

Республика бойынша 20 000 отбасы жалпы сомасы 520 млн теңгеге 1 млн кг-нан астам қажетті азық-түлік алды. Мұқтаж отбасыларға күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және Жаңа жылдық кәмпиттер жиынтығы бар 50 кг-дық қапшықтар берілді.

Аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ қиын материалдық жағдайға тап болған, ерекше қажеттіліктері бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларға жүйелі түрде қолдау көрсетіледі.

Акцияға Қазақстан бойынша 1 мыңға жуық ерікті қосылды.  Бұл негізінен белсенді жастар, олардың көпшілігі қордың бастамаларын үнемі қолдайды.

 

 

2021 жылғы шілдеде  «Халық» қоры кезекті қайырымдылық акциясы аясында бүкіл Қазақстан бойынша 20 000 отбасына көмек көрсетті. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы 500 млн теңгеден асты. Азық-түлік себеттерін қор бұрын да көмек көрсеткен мұқтаж отбасылар алды.

Азық – түлік жиынтықтарына ең қажетті заттар кірді: күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпиттер — әр отбасы үшін 50 килограмм, барлығы 1 миллион кг-нан астам өнім. Жиынтықтарды еріктілер аймақтық әкімдіктер ұсынған тізімдерге сәйкес таратып шықты.

Акцияға қатысушылар отандастарымыздың өмірін өзгерте отырып, игі істер жасауға ұмтылады. Мұқтаж жандарды азық-түлікпен тұрақты түрде қамтамасыз ету арқылы «Халық» қоры адамдарға өз қаражаттарын балалары мен отбасыларының басқа да қажеттіліктеріне жұмсауға мүмкіндік береді.

 

2021 жылғы Наурыз қарсаңында «Халық» қайырымдылық қоры ауқымды қайырымдылық акциясын өткізді.

«Халық» қоры COVID-19 пандемиясына және соған байланысты карантиндік шектеулерге байланысты аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларға арнап азық-түлік жиынтықтарын сатып алды.

Қор кәсіпкерлермен және компаниялармен бірлесіп Қазақстанның 17 өңірінде жалпы сомасы 999 386 297 теңгеге 38 665 азық-түлік жиынтығын таратты.

Акцияны еліміздің белгілі бизнесмендері мен компаниялары — Қайрат Боранбаев, Данияр Әбілғазин, Диас Сүлейменов, Кеңес Рақышев, «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы, «AYALA» қайырымдылық қоры, «Eurasian Resources Group» холдингі, Болат Өтемұратов қоры, «Қазақмыс»корпорациясы қолдады.

Әр отбасы үшін 50 килограмм, барлығы 2 миллион кг-нан астам өнім таратылды.

«Халық» қорының бастамасын еліміздің еріктілері бірден қолдады, олар азық-түлікті жеткізуді қамтамасыз етті. Азық-түлік себеттері әкімдіктер ұсынған тізімдерге сәйкес бөлінді.

Халықтың қажеттіліктерін анықтау үшін көмек алған 20 мыңнан астам отбасы мүшелері сауалнамаға жауап берді.

 

2023 жылы «Халық» қоры Жаңаөзен қаласындағы, сондай-ақ Алматы облысындағы мұқтаж отбасыларға 3 000 азық-түлік жиынтығын таратты.