2023 жылдың қараша айынан бастап «Халық» қайырымдылық қоры ауыл балалары арасындағы футбол жобасының бас демеушісі.
Жоба аясында:
- УЕФА-ның «D» санаты бойынша 100 ауылдық жаттықтырушы оқытылды;
- 100 ауыл балалар футбол командасы жаттығу құралдарымен қамтамасыз етілді;
- #АуылФутбол жобасының барлық қатысушылары (жаттықтырушылар мен менеджерлер) қысқа мерзімді SMM курсынан өтті. Әлеуметтік желілерде балалармен, ата-аналармен, демеушілермен қалай жұмыс істеу керектігін үйренді;
- #АуылФутбол жобасының барлық қатысушылары (жаттықтырушылар мен менеджерлер) «Спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру» (АРТспорт) мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс істеу бойынша 8 сағаттық курстан өтті;
- #АуылФутбол жобасына қатысушылардың ішінен ең белсенді 25 жаттықтырушы мен менеджер 20 сағаттық «Футбол менеджменті» курсынан өтеді;
- Алматы облысында ауыл командалары арасында жоспарланған 14 турнирдің біріншісі өткізілді. Қатысушылар саны — 16 команда (200-ге жуық бала);
- Қарғалы ауылындағы BAQSY спорттық-сауықтыру кешені базасында #АуылФутбол құрама командаларының 3 (үш) оқу-жаттығу жиыны іске асырылды.
Алда өңірлерде облыстық турнирлер және республикалық деңгейдегі финалдық турнирді өткізу бойынша ауқымды жұмыстар жоспарлануда.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде #АуылФутбол жобасы ауыл балалары арасында бұрынғыдан да танымал бола түсті. Осы кезеңде жобаға қатысушы командалардың саны 300%-ға өсті (2023 жылғы қарашада жобаға қатысушылар саны — еліміздің сегіз өңірінен 32 команда, 2024 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша #АуылФутбол жобасына 14 облыстан 112 команда қатысады, бұл дегеніміз 3 500-ден астам бала). Сонымен қатар, «Ауыл футболы» жобасына қатысуға 90-ға жуық команда өтінім берді.
Жобаның географиясы Қазақстан өңірлерінен (Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Абай облыстарынан) жаңа командалар тарту арқылы кеңейтілуде.
Бұл жетістіктер Қордың #АуылФутбол жобасын қолдауының тиімді екенін растайды.
Сондай-ақ, Қордың қолдауы арқылы жеткен #АуылФутбол жобасының жетістіктерін халық та байқап, оң бағалады. Оның бір дәлелі – «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының осы жобаға берілуі. #АуылФутбол «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы бойынша Ұлттық сыйлықтың лауреаты атанды.
Жобаның танымалдылығы артып, футбол әуесқойлары, жанкүйерлер тарапынан ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, басқа да ұйымдар тарапынан да қызығушылық байқалады.
Күн сайын ауылда футбол клубын ашқысы келетін өңірлердің бастамашыл азаматтары консультациялық кеңес алады, жобаның әлеуметтік желілердегі аккаунттарына мыңнан аса адам қосылып, жазылушылар саны артты.
Жалпы, «Халық» қайырымдылық қоры спорт пен спорттық инфрақұрылымды дамытуға 5 миллиард теңгеден астам қайырымдылық көмек көрсетті.