Астана Опера

2021 жылы «Халық» қайырымдылық қоры көптеген шығармашылық және халықаралық жобаларды жүзеге асыру, театр қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету, техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында театрға демеуші болды.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған.

Бүгінде «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры қазақстандық классикалық өнердің көшбасшысы және бүкіл Қазақстанның мәдени символы болып саналады.

Қазіргі уақытта «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры жанынан вокал академиясы құрылуда, оның мақсаты вокал техникасын дамыту және жетілдіру, сондай-ақ театрдың шығармашылық қызметкерлерінің музыкалық және сахналық мәдениетін арттыру. «Халық» қоры көрсеткен қайырымдылық көмек бірінші кезекте академияны дамытуға бағытталады.

фото «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры