Астана қаласындағы әлеуметтік тұрғын үй
«Халық» қоры мұқтаж отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету және халыққа қолдау көрсету мақсатында 11,2 млрд теңгеге Астана қаласында әлеуметтік тұрғын үй құрылысын қаржыландырды.
Бұл жобаны іске асырудағы алғашқы қадам Астана қаласының әкімдігімен меморандум жасау болды.
Меморандум нәтижесі бойынша жаңа «Нұрлы Жол» вокзалы ауданында 9-дан 17 қабатқа дейінгі 11 блоктан тұратын «Комфорт» класты заманауи тұрғын үй кешені салынды. Пәтерлердің жалпы ауданы 20 мың шаршы метрден асады, пәтерлердің жалпы құны шамамен 6,9 млрд теңгені құрайды.
Бұл маңызды қадам 400 қазақстандық отбасы үшін өмір сүру жағдайын жақсартудағы шешуші сәт болды.
Пәтерлерде барлық коммуникациялар жүргізілген, әрленген және қоныстануға дайын. «Compass North» ТК-нің ішкі ауласы толығымен абаттандырылған және өзінің дамыған инфрақұрылымы бар: аумақ бөгде адамдар үшін жабық, бейнебақылау, балалар және спорт алаңдары, демалыс аймақтары мен серуендеу аллеялары бар.
Осы меморандум бойынша алғашқы пәтерлер 2023 жылы тапсырылды.
Айта кету керек, жаңа тұрғын үйдің түпкілікті иелерін айқындау Астана қаласының әкімдігінің еншісінде, «Халық» қоры бұл мәселеге араласпайды.
Бұл жоба көптеген отбасылар үшін өз шаңырағына ие болудың, жаңа мүмкіндіктердің символына айналғаны сөзсіз.
Өз үйіңнің кілтін алу баспана мәселесін шешіп қана қоймай, тұрақтылық пен болашаққа деген сенімді нығайтады.
«Халық» қоры Қазақстан халқына қамқорлық жасау, қоғамның тұрақты дамуы мен өркендеуіне үлес қосу миссиясын жалғастыруда. Қор лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз ете отырып, азаматтарымыздың жарқын болашағының іргетасын қалайды.