«Халық» қайырымдылық қоры жыл сайын әр тәрбиеленушіге өз қабілетіне сәйкес табысқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін білім бағдарламаларын іске асыруға ақшалай көмектеседі.
Тәрбиеленушілердің тұруы үшін қолайлы жағдай жасауға, білім беру процесін жақсартуға, балалардың дене бітімі мен моральдық-адамгершілік тәрбиесіне, сондай-ақ оларды қоғамға бейімдеуге ықпал ету мақсатында №1 Балалар үйі, «Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры» және «Халық» қайырымдылық қоры арасында 2017 жылдың 15 мамырында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Осы ынтымақтастықтың арқасында соңғы бірнеше жылда балалардың үлгерімі артты (білім сапасы 26%-дан 38,5%-ға дейін). 9, 11 сынып түлектері колледждер мен жоғары оқу орындарын таңдау мүмкіндігіне ие болды.
2019 жылы «Халық» қайырымдылық қоры 10 млн.теңгеден астам қаржы аударды.
2020 жылғы 27 тамызда «Халық» қорына ҚР-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саиннен Алматы облысының №1 Балалар үйінің бар ақшасы (жинақталған мемлекеттік жәрдемақылары) ұрланған тәрбиеленушілер туралы хат келіп түсті. 22 мектеп бітіруші түлек тәуелсіз өмір сүру үшін қаражатсыз қалған еді. Қор балалар үйінің тәрбиеленушілерін мұндай жағдайда қалдыра алмады, осыған байланысты Қамқоршылық кеңестің шешімімен бес ай бойы балалар үйінің барлық 22 тәрбиеленушісіне 70 000 теңге мөлшерінде ақшалай төлемдер беріліп тұрды. Қайырымдылық көмектің жалпы сомасы 7 700 000 теңгені құрады.