"Халық" қайырымдылық қоры көптеген жылдар бойы Қазақстандағы жастар спортын қолдап, еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылар үшін материалдық-техникалық база құруға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жобаларды іске асыруда.
Көрсетілетін көмек спортшыларға, әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға жергілікті әрі халықаралық деңгейде кәсіби және әуесқой жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді.
Біз спортта табысқа жетуге ұмтылатын әрбір жанға мүмкіндік беру үшін жұмыс істейміз. Балалар спортын қолдаймыз, сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпірінде спортпен шұғылдануға мүмкіндік жасай отырып, спорттық инфрақұрылымды дамытуға қаражат саламыз.
Ауыл балаларын спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақ арасында моральдық және физикалық қасиеттерді қалыптастыру, өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін арттыру.
Жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру, жаттықтырушылар арасынан сертификатталған судьяларды даярлау, оларды коммуникациялық дағдыларға үйрету.