Халықтың мұқтаж топтарын қолдау және әлеуметтік тұрғыдан қорғау, мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеу әрқашан "Халық" қоры қызметінің басты саласы болып келеді.
Бағдарлама қандай да бір себептермен қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесу, жол сілтеу мақсатында іске қосылды.
Құрылған сәттен бастап "Халық" қорының миссиясы өмірде қиын жағдайға тап болғандарды қолдау болды. Қор осы кезге дейін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мыңдаған адамдарға көмектесті.
"Балаларға көмек" бағыты шеңберінде "Халық" қоры ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ерекше қажеттіліктері бар балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетіп, олардың өсіп-дамуына, өмірден өз орнын табуына жағдай жасайды.
Көп балалы және аз қамтылған отбасыларды азық-түлік жиынтықтарымен, әлеуметтік маңызы бар тауарлармен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.