Мәдениет және білім

"Халық" қайырымдылық қорының "Мәдениет және білім" бағдарламасы елдегі адами капиталды дамытуға, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары арасынан дарынды жастарды анықтауға және қолдауға бағытталған жобаларды іске асырады.

"Мәдениет және білім" бағдарламасының көмегімен дарынды жастар "Халық" қорының гранттары арқылы еліміздің үздік оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Білім - біздің қоғамның дамуы мен өркендеуінің кілті.

"Халық" қорының маңызды мақсаттарының бірі - білім беру бастамаларын қолдау және жалпыға ортақ білім беру мүмкіндіктерін жасау арқылы еліміздің болашағы мен адами капиталына инвестиция салу.

Біз еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастарға заман талабына сай сапалы білім беріп, оларды табысты кәсіп пен белсенді өмірге дайындайтын бағдарламаларды жүзеге асырамыз.

Дарынды жастарға көмек

"Халық" қоры білім алушының отбасының әлеуметтік жағдайына қарамастан білімді қолжетімді етуге ұмтылады

Мәдени мұра

Елдің мәдени мұрасын сақтау және көбейту, өнерді насихаттау