Құрылтайшы
Динара Құлыбаева – «Halyk» қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы, көрнекті педагог әрі филантроп.
2016 жылы Қор құрылған сәттен бастап ол жұбайы Тимур Құлыбаевпен бірге Қазақстанда ғана емес, одан тыс елдерде де білім беру мен мәдениет саласындағы кең ауқымды бастамаларға жетекшілік етіп келеді. Динара ханым өз жұмысында қайырымдылық ұзақ мерзімді, жүйелі әрі ауқымды ықпалға ие болуы керек деген сенімді берік ұстанады.
Dinara Kulibayeva’s work is rooted in a belief that philanthropy should be both strategic and scalable. Under her leadership, the Foundation has supported transformative programs such as SOS Children’s Villages Kazakhstan and Miras schools, helping to introduce internationally recognized models of care and education to communities across Kazakhstan.
«Қазақстанның SOS Балалар ауылдары» Қамқоршылар кеңесінің төрағасы ретінде Динара Құлыбаева ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған 11 отбасылық үлгідегі ауыл жұмысын қадағалайды. Бұл ауылдар халықаралық SOS моделіне негізделген, ал олардың тұрақты қызметін «Halyk» қайырымдылық қоры толық қаржыландырып отыр. Нәтижесінде балаларға өзін қауіпсіз сезінетін, мейірім мен қолдауға негізделген, тұрақты да тәрбиелік орта жасалған.
Көп жылғы тәжірибесі бар педагог әрі ана ретінде Динара ханым білім адам тағдырын түбегейлі өзгерте алатын қуат екеніне бар жүрекпен сенеді. Оның көзқарасы бойынша, әр бала бүгінгі жағдайына қарамастан, өз мүмкіндігін асырып, өмірін жаңа деңгейге көтеруге толық лайық. Ол осы сенімді шынайы істермен дәлелдеу үшін аянбай еңбек етіп келеді.
Қор құрылғаннан бері жалпы құны 85 миллиард теңгеден асатын көмек көрсетіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінде елеулі әлеуметтік серпін берді. Осындай ірі бастамалардың жүзеге асуына Динара Құлыбаева өз тәлімгерлігімен, стратегиялық ойлауымен және мықты көшбасшылығымен жол ашып, елдің болашағына бағытталған жобаларды жүйелі түрде дамытып келеді.
Маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуде оң өзгерістерге ықпал етеміз
"Халық" қайырымдылық қоры 2016 жылы құрылды. Ол қайырымдылыққа бөлінген қаражат көлемі бойынша еліміздегі жетекші жеке қор саналады.
Төтенше жағдайларда елге көмек
Төтенше жағдайлардың салдарымен күресуге қосқан үлесі.
Әлеуметтік қорғау және қиын жағдайдағы отбасыларға көмек
Халықтың мұқтаж топтарын қолдау және әлеуметтік қорғау.
Спорт
Жас спортшылар үшін материалдық-техникалық база құру.
Мәдениет және білім
Мәдени мұраны сақтау және көбейту сияқты дарынды жастарды анықтау, қолдау және дамыту.
Біз әр адам өз әлеуетін іске асырып, қажетті қолдауға ие болып, керекті ресурстарға қол жеткізе алатын қоғам құру жолында жұмыс істейміз.
"Халық" қоры халыққа не қажет екенін анықтап, азаматтардың өмір сапасын жақсартатын және экономикалық, тұлғалық тұрғыдан өсуге мүмкіндік беретін жүйелі әрі тиімді жобаларды жүзеге асырады.

