"Халық" Қайырымдылық Қоры
Ең маңызды салалардағы
қайырымдылық жобалар
Ең маңызды салалардағы
қайырымдылық жобалар
Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры өзекті әлеуметтік мәселелерді шешіп, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға үлес қосуда
Маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуде оң өзгерістерге ықпал етеміз
"Халық" қайырымдылық қоры 2016 жылы құрылды. Ол қайырымдылыққа бөлінген қаражат көлемі бойынша еліміздегі жетекші жеке қор саналады.
Қор өз қызметін бастаған уақыттан бастап бүгінгі күнге дейін 214-тен астам жобаны іске асырды және 90,4 миллиард теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетті.
Құрылтайшылар
Біз әр адам өз әлеуетін іске асырып, қажетті қолдауға ие болып, керекті ресурстарға қол жеткізе алатын қоғам құру жолында жұмыс істейміз.
"Халық" қоры халыққа не қажет екенін анықтап, азаматтардың өмір сапасын жақсартатын және экономикалық, тұлғалық тұрғыдан өсуге мүмкіндік беретін жүйелі әрі тиімді жобаларды жүзеге асырады.
Төтенше жағдайларда елге көмек
Төтенше жағдайлардың салдарымен күресуге қосқан үлесі.
Әлеуметтік қорғау және қиын жағдайдағы отбасыларға көмек
Халықтың мұқтаж топтарын қолдау және әлеуметтік қорғау.
Спорт
Жас спортшылар үшін материалдық-техникалық база құру.
Мәдениет және білім
Мәдени мұраны сақтау және көбейту сияқты дарынды жастарды анықтау, қолдау және дамыту.
Қайырымдылық жобалары: әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау, спорт, инфрақұрылымды дамыту, ТЖ кезінде көмек көрсету, мәдениет пен білім тәрізді аса маңызды салалада іске асырылуда.
мың
адам ауыз сумен қамтамасыз етілді
мың
ауыл балалары футбол жабдықтарымен қамтамасыз етілді
млн теңге
білім беру гранттары берілді
орын
Әулиекөл ауылында 280 орындық балабақша салынды
млрд теңге
ТЖ салдарын жоюға бөлінді (су тасқыны, Арыс қаласындағы жарылыстар және т. б.)
млрд теңге
Атырау облысында су тасқыны салдарын жоюға бөлінді
млрд теңге
COVID-19-мен күресуге бөлінді
мың
азық-түлік жиынтықтары таратылды
мың
еріктілер оқытылды
пәтер
мұқтаж жандарға берілді
және одан көп
балалар мен футбол аула кешендері салынды
млрд теңге
инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бөлінді
Өңірлік бағыт
Өңірлердегі әлеуметтік мәселелерді шешуге зейін қою.
Шоғырландыру
Топтың барлық компанияларын қайырымдылық жобаларына тарту.
Тұрақтылық
жобаларды тұрақты негізде қаржыландыру (білім беру жобалары, спортты дамыту және т. б.).
Жеделдік
Төтенше жағдайларда елге жедел көмек көрсету.
Мемлекетшілдік
"Халық" қорының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдауы
Қор туралы пікірлер
«Құлсары қаласының тұрғыны: «Халық» қайырымдылық қоры зардап шеккендерге ақша аударып жатыр деп естідім. 20 мамырда «Халық банкіне» құжат жинап өткіздім, 21 мамырда ақша қолыма тиді. Банк қызметкерлеріне алғысым шексіз. Осы ақшаға үй алғым келеді.»
Галина Қаражанова Құлсары қаласының тұрғыны
«Су тасқыны салдарын жоюға отандық кәсіпкерлер қомақты қаражат бөлді. Осылайша, олар өз еліне шынайы қамқорлықты көрсетті. Бұл бизнестің жауапкершілігі және оның халық мүддесіне деген қамқорлығы.»
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті
««Құрмет» орденінің иегері: Салтанатты марапаттаудан кейін шағын фуршет болды. Бір-бірімізді алған төсбелгімізбен емес, су тасқынынан аман қалуымызбен құттықтадық. Сол кезде Атыраудың тумасы, Halyk қайырымдылық қорының құрылтайшысы Тимур Құлыбаевты көріп, оған қасіретке бей-жай қарамай, халыққа қаржылай көмектескені үшін жеке өз атымнан алғыс білдірдім.»
Әлия Досмұханова "Құрмет" орденінің иегері
«"Халық" қайырымдылық қоры Жаңаөзен қаласының тұрғындарына "Мұнайлы" шағын ауданындағы заманауи спорт кешенін сыйға тартты. Бұл нысан спорт әуесқойлары үшін ғана емес, Жаңаөзеннің барлық тұрғындары үшін де өте маңызды, өйткені жыл сайын салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға ниет білдірушілер саны артып келеді. Айта кетейік, өткен жылы "Халық" қорының қолдауының арқасында 14 спорт нысаны іске қосылды, ал биыл қосымша 20 спорттық инфрақұрылымдық жоба іске қосылады.»
Айбек Қосуақов Жаңаөзен қаласының әкімі
"Халық" қайырымдылық қоры ашықтық және айқындық қағидаттарына сүйенеді, өз қызметін республика көлемінде жүзеге асырып, барынша көп адамның елеулі әлеуметтік нәтижелерге жетуіне ұмтылады.
Жүйелілік
Әлеуметтік инфрақұрылымды немесе адами капиталды дамытатын тиімді ұзақ мерзімді жобалар
Институционалдылық
Мемлекеттік органдармен әріптестік орнату, нәтижелі жобаларды оларға пайдалануға беру
Прагматизм
Жобаларға бөлінген қаражаттың барынша тиімді жұмсалуына назар аудару
Ашықтық
Инклюзияны ұстану, жобалардың нәтижесі қоғам үшін ашық болуын қамтамасыз ету
Марапаттар
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҮШІН
«Халық» қайырымдылық қоры су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көрсеткен қолдауы үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қайырымдылық үшін» құрметті атағымен марапатталды.
EUROBAK AWARD 2025
EUROBAK Award 2025 халықаралық сыйлығының Corporate Social Responsibility номинациясы Қазақстанда 1 400-ден астам отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған ауқымды әлеуметтік жобаны табысты жүзеге асырғаны үшін берілді.
ХАЛЫҚТЫҢ СҮЙІКТІСІ– НАРОДНЫЙ ЛЮБИМЕЦ
Ұлттық сыйлық аясында «Жылдың үздік жобасы» номинациясы 2024 және 2025 жылдары ауылдық жерлерде бұқаралық және балалар спортын дамытуға қосқан үлесі үшін AuylSport жобасына берілді.
ЖЫЛ МЕЦЕНАТЫ
Бұл сыйлық «Халық» қорына 2023 және 2024 жылдары Маңғыстау облысында жалпы құны 5 миллиард теңгені құрайтын қайырымдылық жобаларды табысты жүзеге асырғаны үшін табысталды

