Halyk ұлттық эко-челленджі – GreenAct

Halyk қоры еліміздің әрбір азаматы қоршаған ортаны жақсартуға және көгалдандыруға өз үлесін қоса алатын GreenAct ұлттық экологиялық челленджінің басталғанын жариялайды.
GreenAct — бұл жай ғана экологиялық бастама емес, бұл — сөзден іске көшуге шақыратын жалпыхалықтық қозғалыс. Бір ағаш отырғызу, ауланы көгалдандыру, мектеп ауласын абаттандыру немесе қоғамдық бақ жасау — мұның бәрі енді бір ұранмен бірігеді.
Жоба — әр қазақстандықты, оқушыдан бастап кәсіпкерге дейін, табиғатқа жанашыр көзқараспен қарауға, игі іс жасауға және оны өзгелерге үлгі етуге үндейді. Әрбір қадам әлеуметтік желілерде бөлісіліп, уәдеге емес, әрекетке негізделген жаңа мәдениетті қалыптастырады.
«GreenAct — бұл туған еліңе деген шынайы жауапкершіліктің көрінісі. Ағаш отырғызу — бұл интернеттегі пост емес, туған жердің топырағына қалдыратын шынайы із», — дейді Halyk қоры.
Челленджге қалай қатысуға болады?
- Табиғатты көгалдандыруға бағытталған кез келген пайдалы іс жасаңыз: ағаш отырғызыңыз, гүлзар жасаңыз, қоғамдық орынды абаттандырыңыз.
- Процесті фото немесе видеоға түсіріп алыңыз.
- Жасаған ісіңізді әлеуметтік желіге мына хэштегтермен жариялаңыз:
GreenAct #ЭкоБатыр #МойGreenAct #ХалыкФонды
Жоба NNEF білім беру қорының қолдауымен жүзеге асырылады. Ел бойынша мыңдаған мектеп оқушылары мен студенттер челленджге белсенді қатысуда. Сонымен қатар, арнайы мотивациялық видеолар, танымал блогерлермен бірлескен экокампанииялар және қатысушыларға арналған «ЭкоБатыр» марапаттары мен арнайы сыйлықтар қарастырылған.
GreenAct — бұл сенің Жер анаға қалдыратын ізгі ізің. Өз ізіңді қалдыр!