Астанада «AlALA» арт-экофестивалінің салтанатты ашылуы өтті
Фестивальдің мақсаты – экология тақырыбындағы балалар мен жастардың арасында шығармашылық бастамаларды іздеу және қолдау көрсету.
1 маусымда Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Е.Д.Кочетовтың қатысуымен жыл сайынғы «AlALA» арт-экофестивалінің салтанатты ашылуы өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Фестиваль аясында 8, 9 және 10 сынып оқушылары арасында республикалық байқау іріктеу шарасы өтті. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 250-ден астам қатысушыдан өтініш келіп түскен.
Финалға Қазақстанның барлық өңірлерінен, соның ішінде ауылдық аймақтан келген өтініштердің ішінен 36 қатысушы іріктеп алынды. Енді әр санат бойынша (бейнелеу өнері, перфоманс, видеомейкинг, сәндік-қолданбалы өнер, музыка және поэзия, арт перфоманс) 6 жеңімпаз таңдалып, фестивальдің бас демеушісі – «Халық» қайырымдылық қорының атынан берілетін қомақты ақшалай сыйлық табысталды.
Жеңімпаздар:
- «Órnekte» категориясы — Айболат Нұрыллаев, Қызылорда қаласы;
- «Árle» категориясы — Нұржігіт Науханбаев, Қызылорда обл, Қармашқы ауданы;
- «Beinele» категориясы — Анеля Сатыбалдиева, Астана қаласы;
- «Qara» категориясы — Регина Землиханова, Алматы қаласы;
- «Sezin» категориясы — Аяна Рахимжанова, Ақтөбе обл, Мәртүк ауданы
- «Sóıle» категориясы — Арман Латыпаев, Жетісу обл, Жаркент қаласы.
Байқауға әділқазылар алқасы ретінде қатысқандар:
- Әсия Оспанова – талантты поэтесса, музыка әрлеушісі әрі әнші;
- Данагүл Төлепбай – галерист, «Pygmalion» жоғары өнер галереясының негізін қалаушы; Жастар арасында өнерді насихаттаумен белсенді айналысушы және өнер әлемінде қазақстандық жас суретшілерді насихаттаумен келеді;
- Әйгерім Қапар – суретші, өнер кураторы, Art com заманауи өнер платформасының негізін қалаушы; Көркем және ғылыми жобаларға жетекшілік етумен айналысады;
- Нариман Әбілшайықов – «Халық» қайырымдылық қорының басқарушы директоры; Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, MBA. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, жүгіру және скандинавиялық жүрумен айналысады;
- Майра Измайлова – арт-ивент продюсері, FUNK креативті агенттігінің директоры; Қазақстандағы креативті индустриялардың баламалы драйвері;
- Елдос Абақанов – Ұлттық даму институтының Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру басқарма төрағасының орынбасары; Экология мәселелері, табиғи ресурстарды пайдалану және оларды үнемдеу саласында орасан зор тәжірибесі бар; ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты;
- Мақпал Жұмабай – Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры; Медиа және өнер менеджері; ақын, ән жазушы автор; OzgeEpic creative Hub шығармашылық кеңістігінің негізін қалаушы;
«AIALA» арт-экофестивалі 3 күн бойы жалғасты және «5 элемент» бірегей инсталляциясымен танысуға келушілердің барлығына есігі ашық болды. Сондай-ақ, фестиваль аясында балаларға кескіндеме, макулатураның көмегімен өнер нысандарын құру, қаржылық сауаттылық және киіз басу сынды бағыттарда мастер-кластар өткізілді.
Театрланған қойылымымен көпшілікке танымал JOLDA би ұжымы өз өнерін көрсетті. Өнер ұжымы фестивальге арнайы экология тақырыбында ұлттық музыканың сүйемелдеуімен этно-костюмдер киіп, қойылым қойды.
- «AIALA» арт-экофестивалінің ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ.
- «AIALA» арт-экофестивалінің демеушісі – «Халық» қайырымдылық қоры.