Үміт кубогы

Category:
«Үміт Кубогы» турнирі — «Халық» қайырымдылық қоры мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қаржыландыратын «Халық лигасы» ауқымды әлеуметтік жобасының бөлігі.

Жыл бойы республиканың 15 қаласы мен ауылдарындағы 17 балалар үйінің тәрбиеленушілерін баскетбол секцияларында кәсіби жаттықтырушылар  жаттықтырады. Чемпионат жыл сайын өткізіледі.

2019 жылы чемпионатқа 170-тен астам жасөспірім қатысты, олардың көпшілігі балалар үйінен түлеп ұшып, үлкен өмірге қадам басты.

Мотивациялық тренинг ретінде «Халық» қайырымдылық қоры аты аңызға айналған марафоншы, әлемнің барлық шөлдерін бағындырушы, Гиннестің рекордтар кітабына енген кәсіпкер Марат Жыланбаевпен кездесу ұйымдастырды, ол өзі балалар үйінен шыққан және жеке тұлға ретінде қалыптасудың барлық қиындықтарын бастан өткерген. Чемпионатты өткізуге «Халық» қайырымдылық қоры 33 млн. теңгеден астам қаражат бөлді.

Алматы «Достық» спорт кешенінің базасында өткен 2018 жылғы чемпионатқа еліміздің 18 өңірінен құрамында 216 бала бар 18 команда  қатысты.

2018 жылы төрешілер корпусын Ұлттық баскетбол федерациясының Халықаралық санаттағы төрешілері ұсынды. Чемпионаттың құрметті қонақтары — Олимпиада чемпиондары, 1972 жылы Мюнхенде өткен КСРО мен АҚШ арасындағы аңызға айналған матчқа қатысушылар, баскетбол ардагерлері Алжан Жармұхамедов пен Иван Едешко болды. Олар чемпионатқа қатысушылар мен Алматы баскетбол академиясының тәрбиеленушілері үшін шеберлік сабағын өткізді.

Мотивациялық шара ретінде балалардың «Движение вверх» фильмінің кейіпкерлерімен кездесуі ұйымдастырылды. Чемпионатты өткізуге «Халық» қоры 35 млн. теңгеден астам қаржы бөлді.

Жоба тарихының барлық кезеңінде 12 «Үміт кубогы» турнирі өтті, оған 2500-ден астам бала қатысты. Оның ішінде балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың 110 тәрбиеленушісіне «Спорт шеберіне үміткер» дәрежесі берілді.