«Almaty Digital Ustaz»

«Халық» қайырымдылық қоры «Almaty Digital Ustaz» байқауын қолдауға 25 000 000 теңге бөлді.

Almaty Digital Ustaz 2021 – цифрлық құзыреттіліктерді арттыруға бағытталған мұғалімдер арасындағы алғашқы байқау.

Байқаудың мақсаты – технологияны пайдаланудағы цифрлық теңсіздіктің азаюына ықпал ету, мектепте цифрлық инфрақұрылымды тиімді пайдалану, оқытудың жаңа әдістерін дамыту және Алматы қаласын жаңа білім беру орталығы ретінде таныту.

Байқаудың негізгі миссиясы – білім алушылардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін білім берудегі цифрлық технологияларға және цифрлық мазмұнға қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы білім берудің жаңа архитектурасын қалыптастыру.

Байқауға қатысуға Алматы қаласының мұғалімдерінен 3000-нан астам өтініш келіп түскен. Байқау аясында тапсырмаларды орындауынан бұрын цифрлық педагогиканың кең ауқымды мәселелерін қамтитын білім беру интенсивтік сабақтары және әлемге танымал практиктердің шеберлік сабақтары өткізілді.

Алматыда жыл сайын өтетін мұғалімдердің қалалық  «Almaty Digital Ustaz» байқауы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды және «Алматы қаласының мектептері» деп аталатын білім беру қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін дамыту бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.