2019 жылы «Халық» Қоры мен Halyk Group бизнес-серіктестері Арыс қаласындағы техногендік апаттан зардап шеккен «Алтын-Тұмар» балабақшасы мен И.Журба атындағы орта мектепті қалпына келтіруге қаражат бөлді.
Жөндеу-құрылыс жұмыстары тәулік бойы жүргізілді, тек мектептің ғимаратын қалпына келтіруге 100-ге жуық адам атсалысты.
Қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалған сома 1 млрд теңгеден асты.
«Халық» қайырымдылық қоры 130 млн.теңгеден астам сомаға медициналық жабдықтар сатып алып, Арыс орталық аудандық ауруханасына қайырымдылық көмек көрсетті.
Жаңа жабдық шұғыл және жоспарлы операциялар, босану кезінде толық медициналық көмек көрсетуге, сондай-ақ науқастарды жоспарлы түрде емдеуге мүмкіндік береді.
Сатып алынғандар жабдықтар тізімінде – операциялық үстел, инфузиялық және шприцті сорғылар, шала туған нәрестелерге арналған инкубатор, фото-терапевтік қондырғы, балалар медициналық жылытқыштары, маммографиялық жүйе, кереуеттер, өкпені жасанды желдету аппараттары, Bionet мониторлары және т.б. бар. Барлығы 30 бірліктен астам — Оңтүстік Корея, Чехия және Швейцария өндірген медициналық жабдықтар.