ХАБАРЛАНДЫРУ қызметтерді сатып алуға конкурс өткізу туралы

«Халық» қайырымдылық қоры «AUYL SPORT – 2025» жобасын іске асыру аясында қызметтерді сатып алу бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен конкурс өткізілетінін хабарлайды.

1. Сатып алу нысаны:

«Халық» қорының «AUYL SPORT — 2025» жобасы аясында ауыл балалары үшін 7 спорт түрінен (бокс, еркін күрес, каратэ, шахмат, үстел теннисі, волейбол, баскетбол) республикалық турнирді ұйымдастыру және өткізу қызметтері.

2. Қызметтерді көрсету орны мен мерзімі:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

 Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 3–6 қараша

3. Қатысу шарттары:

Қатысуға спорттық және бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру саласында тәжірибесі бар, сондай-ақ қажетті материалдық-техникалық және кадрлық ресурстарға ие заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер шақырылады (талаптар техникалық сипаттамада көрсетілген).

4. Өтінімдерді беру тәртібі мен мерзімі:

Бағалық ұсыныстар 2025 жылғы 30 қыркүйекке, 9.00 дейін info@halykfund.com электрондық поштасына қабылданады.

5. Техникалық сипаттама:

Сатып алу бойынша техникалық сипаттамамен және талаптармен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://bit.ly/ТС_РК_2025

6. Тапсырыс берушінің байланыс деректері:

«Халық» қайырымдылық қоры

E-mail: info@halykfund.com

Тел.: +7 (727) 323-65-56,

8 778 282 7310, 8 701 998 08 99